Маңғыстауда Бейнеу аудандық Ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары пара алып жатқан кезде қолға түсті.
Ол қылмыстық құрамы жоқ істі тоқтату үшін,шет ел азаматынан 300 АҚШ долларын талап еткен.
Іс материалдары бойынша, Тәжікстан азаматының жүк көлігінен есірткіге ұқсас зат табылған. Сараптама жүргізіліп, нәтижесінде ұнтақ зат есірткі болмай шыққан. Бірақ, Ішкі істер қызметкері соған қарамастан ақша талап еткен.