20-03-23 |
1300 рет қаралған
Маңғыстауда педофил өз-өзіне қол жұмсады.
Маңғыстауда педофил өз-өзіне қол жұмсады

Тергеу мәліметінше, ер адам төрт жыл бойы екі қызды зорлап келген.

Аталған жайтты Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Ақпанның басында құқық қорғаушыларға әйел көмекке жүгініп, 12 және 16 жастағы екі қызы зорланғанын мәлімдеген.

Күдікті қыздардың ата-анасының жақын досы болған. Тергеушілердің айтуынша, ол қыздарды төрт жыл бойы зорлап келген.

«Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы төртінші бөлігі «Бірнеше рет зорлау» бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізілуде. Кінәсін мойындаған ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ ниетпен полиция бөлімшесінің терезесінен секірген», – делінген ведомство мәліметінде.

Кейін ол ауруханада көз жұмған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.