arasha.kz

Марғұлан Сейсембай: Жолдау жақсы, бірақ кейбір ұнамаған тұстары бар

Біріншіден, бұрынғы билік, олардың жемқорлығы мен капиталдары жайлы бірде-бір сөз айтылмады. Тоқаев бұрынғы билік пен оның маңындағыларға барлық ұрлағанымен кетуге мүмкіндік берген сияқты. Бұл туралы кәсіпкер Марғұлан Сейсембай айтты.

Егер бұрынғы жемқорлар тып-тыныш ұрлаған ақшасымен шетелде демалып жүрсе әділетті Қазақстанға сену қиын. Әділеттілікті қалпына келтіріп, бұрынғы билікке баға беру керек деп есептейді ол.

«Өкілеттілік мерзімін 7 жылға ұзарта отырып, кезектен тыс президент сайлауын өткізу дегеніміз бұл іс жүзінде өз өкілеттігін 2029 жылға дейін ұзарту. Тоқаевтың 2019 жылы билікке келгенін ескерсек, ол кем дегенде 10 жыл билікте отырады деген сөз. Ал бұл әрине белгілі бір қауіп туғызады», – деді кәсіпкер.

Сондай-ақ ол үндеуде еліміздің қорғаныс қабілетін күшейту жайында ештеңе айтылмағанына қапалы.

«Биліктің сабақтастығы жақсы, ал жемқорлықтың сабақтастығы жақсы емес.
Конституцияны ойыншық қылу жалғасуда және ол 7 жылдық өкілеттілікпен біте ме, жоқ па белгісіз. Өз әскерінің жағдайын жасағысы келмейтіндер басқа біреудің әскерін тойдырады. Дегенмен, бұл сәл де болса алға жылжу. Бұл өмірде бәрі мінсіз бола бермейді», – деді ол.

Exit mobile version