Нұр-Сұлтанның үкімет дәліздерінде ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов Құлыбаевқа қарсы куәлік бергені туралы ақпарат таралуда.
Бұл айғақтардың егжей-тегжейлері белгісіз, бірақ олардың ел экономикасы мен оның энергетикалық қауіпсіздігіне елеулі зиян келтірген мұнай-газ саласындағы сыбайлас жемқорлық схемаларына қатысты екені анық.
Нурсутанский соловей телеграм каналының мәліметінше, ҚазМұнайГаз саласында қызмет етіп жатқан Құлыбаевтың жақтастары елде жанармай отынынына тапшылықты қолдан жасап, саботаж жасап отыр.
Қазір елімізде дизель отыны тапшы, соған байланысты «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның басшысы Мағзұм Мырзағалиев пен Энергетика министрінің орынбасары Әсет Мағауовқа қатаң сөгіс беріліді. Оған қоса еліміз ресейден 100 мың тонна дизель отынын еріксіз импорттауына тұра келді.
«Мәсімовтың куәлік етуі мұнайгаз саласында Құлыбаев тарапынан ашық саботаж жүріп жатқанын растай түседі. Оның достары мен серіктестері Данияр Әбұлғазин, Диас Сүлейменов, Болат Ақшолақов және Мырзағалиевтің қарсы жұмыс істеунің салдарынан елде дизель отынына тапшылық пайда болды. Бұл әсіресе егін ору науқанына кері әсер етіп отыр. Мұның барлығы Қаңтар оқиғасына қатысты Құлыбаевты жауапқа тартпау үшін жасалып отыр», – деп жазды аталған телеграм каналы.