19-10-22 |
1160 рет қаралған
Мәсімовке қатысты іс қай сатыда екені айтылды.
Мәсімовке қатысты іс қай сатыда екені айтылды

Мәжіліс алаңында ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Чиндалиев ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты іс қай сатыда екенін айтты, деп жазды Zakon.kz.

Оның айтуынша, тергеу аяқталды, қазір сотталушылар іс материалдарымен танысып жатыр.

«Өздеріңізге белгілі, тамыз айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті істің тергелгенін, қазір сотталушылар қылмыстық іс материалдарымен танысып жатқанын ресми түрде хабарлады. Танысу біраз уақыт алуы мүмкін екенін бұрын да айтқанмын», – деді Әсет Чиндалиев.

Чиндалиев бұл іс бойынша Бас прокуратураның ешқандай шектеу қоймағанын айтты.
6 қаңтарда ҰҚК мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

25 тамызда Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталғаны белгілі болды.
Бұған дейін Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов ҰҚК экс-басшысының 17 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтқан болатын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.