Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының депутаты суицид жасаған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Әлеуметтік желілерде Зайсан аудандық мәслихат депутатының өзіне қол жұмсағаны жайлы ақпарат тарады.
Ақ-қарасын білу үшін агенттік тілшісі ШҚО полиция департаментіне хабарласып көрді. Олар ақпаратты растады.
«31 тамыз күні полицияға Зайсан қаласының 58 жастағы тұрғынының өзіне қол жұмсағаны жайлы хабар түсті. Қазір аталған факті бойынша аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Істің мән-жайын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені жүріп жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Өзге ақпаратты жария етуге тыйым салынған», – деді департаменттің баспасөз хатшысы Татьяна Карпова.
Бейресми дерек бойынша, мәслихат депутаты үйінде өз-өзіне оқ атқан.
-
28.12.2024
-
28.12.2024
-
28.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024