Әшімбаев 2020 жылдан бері Сенат спикері қызметін атқарды.
Сенатор Мәулен Әшімбаев Жоғары палатаның төрағасы болып қайта сайланды.
Бүгін Сенат отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынған болатын. Сенат депутаттары ұсынысты бірауыздан қолдап, тиісті қаулыны қабылдады.
Биыл Сенат сайлауы аясында президенттік квотамен Жоғары палатаның депутаты болып қайта тағайындалды.