Қасиетті Түркістан шаһарында Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы өтті. Еліміздің ендігі даму жолы талқыланған «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбына арналған Ұлттық Құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлтымыздың жаңа болмысын орнықтыруға байланысты стратегиялық ұстанымдарын айтты.
Ұлттың жаңа болмысын қалыптастырып, дамыту жолында өскелең ұрпақтың бойында адамгершілік, білімпаздық, еңбекқорлық сияқты темірқазық ұстанымдарды сіңіру өзекті.
Мемлекет басшысы дизайн код арқылы мемлекеттік нышандарды жетілдіру, ұлтымыздың тарихи санасын жаңғырту, мәдени мұрамызды сақтап, насихаттау бағыттарын ерекше айтып өтті. Осыған байланысты қайталанбас қастерлі тарихымыздың көптомдық жинағын келер жылы аяқтауды тапсырды. Ол барша азаматтарымыз үшін оқуда өте тартымды болуы шарт екендігіне тоқталды. Бейбарыс сұлтан атындағы орденді тағайындауға ұсыныс айтты.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Құрылтайда жастардың тәрбиесіне байланысты құнды пікірлер айтты: «Кез келген тұжырымдама немесе доктрина қарапайым әрі түсінікті болуы керек. Әйтпесе, бәрі жасанды болып шығады. Ондай идеяны халық қабылдамайды. Өміршең, келешегі зор идеологиялар мемлекет пен қоғамның ортақ ізденісінің арқасында ғана пайда болады. Біз дәстүрлі құндылықтарымызды қазіргі мәдени үрдістермен үйлестіруіміз керек. Елімізде отаншыл, жасампаз, батыл, дарынды, білімді, озық әрі еңбекқор жандар өте көп. Мен осындай азаматтарды көргенде болашағымыздың жарқын боларына зор сеніммен қараймын. Тәуелсіз Қазақстанда рухы азат, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ өсіп келеді. Олар ғылым-білім, музыка, кино, спорт және басқа да салаларда табысқа жетіп, бүкіл әлемге танымал бола бастады. Жастарымыз туған жердің қайталанбас ерекшелігін және туған елдің бірегей болмысын жер жүзіне танытып жүр», – деп жастардың бойындағы патриоттық сезімдерінің рөліне ерекше мән берді.
Бүгінгі жастарымыз – ұлтымыздың ертеңгі болмысы. Сондықтан балаларымыздың адал, тәрбиелі, білімді, денсаулығы мықты, саналы да салауатты еңбекке деген құлшынысы жоғары азамат болып қалыптасып, адамгершілік және моральдық қабілеттері дамуы аса маңызды. Осы жолда ата-аналар қоғамдастығы, мектеп және бүкіл қоғам болып тәрбие жұмысын жетілдіруге күш салуымыз қажет.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы тәрбие жұмысының басымдығын айқындай отырып, «Балалар кітапханасы» атты жаңа бағдарламаны орындауды тапсырды.
Мемлекеттік басқару тетігіндегі жаңа бағыттарды жүйелі дамыту, ақпарат саясатының тиімділігін арттыру, креативті индустрияның инновациялық технологияларын дамытудағы рөлін, мемлекеттік саясатта талдау, сараптама жасау қызметін сапалы жүргізуге байланысты жүйелі әдіс-тәсілдерді дамыту қажеттілігін атап өтті.
Президентіміз кітаптардың баспа ісін идеологияның негізгі бағыттарының бірі деп айқындады. Жазушылар Одағының бұл саладағы ерекше рөліне тоқталды. Сондай-ақ 24 сағат жұмыс істейтін Президент кітапханасын ашу туралы арманымен бөлісті.
Мемлекет басшысы ауыл мектептерінің дамуы туралы білім саласына нақты стратегиялық бағыттарды айқындады. Шекара маңындағы ауылдардың әлеуетін арттыруда Қатон-Қарағай, Марқакөл, Мақаншы аудандарын қалпына келтіру туралы шешімін алға тартты.
Ұлттық Құрылтай еліміздің ендігі дамуына жаңа идеологиялық негіз болар шешімдер айқындалған жиын болды. Президентіміздің Тәуелсіз Мемлекетімізді нығайтуға ұсынған бағдарын орнықтыру жолында Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде үлес қосуға дайын екендігімізді атап өтемін, барлық қоғам өкілдерін осы жолда табанды еңбек етуге шакырамын.
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024