Өздеріне қарата айтылған бірнеше сөгістен кейін Мәжіліс депутаттары Жаңаөзеннен Астанаға келген мұнайшылармен кездесті.
Ереуілге шыққан жұмысшыларға кеше неге келмедіңдер деген сауалға депутат Ермұрат Бапи бұл жағдайды бүгін түстен кейін естігенін айтты.
Ал, депутат Ринат Заитов бұл мәселе көшеде емес, кабинетте шешілетінін айтты.
«Мұнда 250-дей адам бар. Әрқайсысында кем дегенде үш баладан бар. Сондықтан қазір 600-ге жуық адам аш отыр. Бірінің баласы мүгедек, тағы бірінің денсаулығы нашар. Маңғыстаудың экологиясы өте нашар. Мұнда келе беру бізге де оңай емес. Билік жылда біздің мәселемізді шешеміз деп шығарып салады. Бізге нақты жауап керек. Өндірістер ашу керек», – деді наразылыққа шыққан жаңаөзендіктің бірі.
Айта кетсек, Жаңаөзеннен келген мұнайшылар «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның алдында кешеден бері тұр. Олар жұмыспен қамту мәселесін толықтай шешепейіншге кетпейтіндерін айтуда.
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
14.11.2024