– Мемлекет басшысының кезекті Жолдауы халықтың, яки әр адамның өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталғаны аңғарылды. Бұл тұста денсаулық сақтау саласы жақсармайынша, өмір сапасы жақсармайтынын түсіндік. Сол себепті Жолдауда денсаулық сақтау саласына ерекше мән берілді. Кем-кетік тұсы сыналып, жаңа өзгерістердің жоспары айтылды. Енді дәрігер болуды қалаған әрбір жасқа жағдай жасалып, жаңа мүмкіндіктер тумақ. Сала бойынша білім беруге қолдау көрсетудің маңызы ерекше. Бұдан басқа да бағыттарға қатысты жағымды жаңалықтар көп болғанын білеміз. Бір нәрсені ескерген жөн – кез келген жағымды жаңалықтар адамдардың өміріне, денсаулығына жақсы әсер етеді. Өзім бәрінен бұрын елдің саулығын ойлағаннан кейін, жақсы нәрсенің, жақсы бастаманың көп айтылғанын тілеймін. Игі істердің атқарыла бергенін қалаймын.
Президент әр саланы ой-елегінен өткізіп, шешімдерін толғанып түйіндегені көрінді. Мысалы, ұрпақтың келешегі үшін Ұлттық қордан қаржы құю – бұрын бізде болмаған іс еді. Бүтін елді толғандырған мәлімдеме болды. Осы жолғы бағыттың ел игілігіне бағышталғаны мені қуантты, сенімімді өсірді. Елдің де көңілінен шыққаны күмәнсіз деп ойлаймын. Сондай-ақ, ұрпақ білімді, ғылымға әуес болуы керек. Ол үшін жастарды қолдауға арналған ынталандыру шаралары көп болғаны жөн. Бұл істе ел билігі аянып жатқан жоқ, түлектерге жағдай жасап, тегін білім алуына мемлекеттік гранттар санын көбейтуде. Жақсылықты сезінген ұрпақ еліне, жұртына адал болмағы даусыз. Шынын айтар болсам, мемлекеттің келешегі гүлденіп, өркендейтініне үмітім де, сенімім де зор. Сондықтан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа бастамаларын қолдайтынымыз сөзсіз. Ең бастысы – жоспарлар жүйелі түрде іске асса, халықтың өмір сүру сапасы да, басқасы да жақсарады. Енді ақылмен, баппен, жігермен қарқынды жұмыстарға көшкеніміз абзал.
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024