Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев 76 жасына қараған шағында дүниеден өтті.
Қайғылы хабарды әлеуметтік желіде жақын араласатын достары жазып жатыр. Саясаткердің бүгін таңертең жүрегі тоқтаған.
Балташ Тұрсымбаев — 1946 жылы Ресейдің Омбы облысына қарасты Кіші Боранкөл ауылында дүниеге келген. Солтүстік Қазақстан облысының атқару комитетінің төрағасы, ҚР премьер-министрінің орынбасары, Қостанай облысының әкімі, Ауыл шаруашылық министрі қызметтерін атқарған. Сонымен қатар қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, елшілікте де еңбек еткен. Бірінші сыныпты төтенше және өкілетті елші.
Кейінгі жылдары еліміздің қоғамдық-саяси процесіне белсене араласып жұмыс істеді.