Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов баласының мектеп формасына қанша қаражат жұмсағанын жазды.
Бүгінгі Үкімет отырысынан кейін журналистер министрден ұлына мектеп формасын алуға қанша қаражат жұмсағанымды сұраған. Министр ұлы мемлекеттік мектепте оқитынын және оқу жылына басқа ата-аналар сияқты дайындалатынын жазды.
«Жексенбі күні ұлым екеуіміз «….» дүкенінен 36 000 теңгеге жейде, костюм, шалбар және галстук сатып алдық. Түбіртектен заттардың құнын және оның жалпы сомасын есептеп көруге болады. Сондай-ақ мектеп формасынан бөлек шамамен 20 мың теңгеге портплед сатып алынғанын да байқауға болады»,-деп жазды министр facebook-тегі парақшасында.
Аймағамбетов жауабын растау үшін сатып алынған заттардың түбіртектерін де әлеуметтік желіде жариялады.
«Бір түбіртекте сома 26 мың теңге (Пиджак. Шалбар. Жейде). Екінші түбіртекте – 10 мың теңгеден жоғары (тағы бір жейде мен галстук). Жалпы сомасы 36 мың теңгеден асады. Портплед шамамен 20 мың теңге. Бұрын сатып алынған мектеп формасы барын да айтқым келеді. Яғни былтырғы киімдерін балам биыл да киеді», – деп жазды ол.
Сонымен қатар ол министрліктің 475 мың мұқтаж балаға мектеп формасын сатып алуына қаржылай көмек көрсету шараларын қадағалап отыратынын атап өтті. Оқу жылы қарсаңында Үкімет бұл мәселені бақылауға алды. Премьер-министр тиісті тапсырмалар берді.