Үкіметтің онлайн-отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы коронавирусқа қатысты екі жаңа сценарийді атады. Министр мәіметінше, сәуірдің аяғы немесе мамырдың ортасында эпидемиялогиялық ахуал өрши түседі.
«Оптимистік сценарий – егер вакцинация кестеге сәйкес жалғасатын болса, сәуір айының соңында науқас саны күніне 3 мыңға дейін жетеді. Шынайы сценарий – мамыр айының ортасында тіркеу күніне 4 мың науқас тіркелуі мүмкін», – деді Цой.
Оның айтуынша, вакцинация эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырмайды, өйткені иммунитетті дамыту үшін уақыт қажет.
Қазақстанда өткен тәулікте 2 530 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.