arasha.kz

Мобилизация агрессорға көмектесе алмайды – Кличко

Киевтің мэрі Виталий Кличко ішіанара мобилизация жасау жөніндегі Путиннің жарлығына қатысты пікір білдірді.

«Украина халқын құрту тұрғысындағы Путин жариялаған мобилизация мен ядролық қоқан-лоққы агрессорға көмектесе алмайды. Тиран ақыры өзін жерлейтін процестерді бастаған екен», – деп жазды Кличко өзінің телеграм-каналында.

Ол сондай-ақ «өркениетті әлем зұлымдықты түбегейлі жою керек екенін түсінуі керек және қайдағы бір бейбіт келіссөздер туралы елесті айтпауы керек» деп қосты.

Exit mobile version