«России сегодня» агенттігі мобилизацияға алынған мәскеулік шенеуніктің қаза тапқанын мәлімдеді.
Мемлекеттік агенттіктің мендеджері әрі бас редакторының орынбасары Наталья Лосева телеграм каналында жақында ғана соғысқа аттанған «Мәскеу үкіметінің бөлім басшысы» Алексей Мартыновтың мерт болғанын жазды.
Оның жащуынша, Мартынов мобилизацияға алынған соң 2-3 күнде ешқандай тәжірибесіз соғыс даласына жіберілген.
«Ол 23 қыркүйекте мобилизацияға алынды. Жас кезінде Семеновск полкінде әскерден өткен. Соғыс тәжірибиесі жоқ. Мобилизацияға алынған бірнеше күннен соң соғысқа жіберілген. 10 қазанда қаза тапты. Әскери басшылар, қазір өтірік айтатын кез емес. Сендерге мүлдем өтірік айтуға болмайды, қазір бұл қылмыс», – деп жазды ол.
Бейсенбіде Ресей билігі мобилизацияға алынғандардың өліп жатқанын алғаш рет мәлімдеді. Мобилизацияға алынғандар бірден Украинаға жіберілген.