24-08-22 |
2320 рет қаралған
Моңғолияда Құтлық қаған жазуы бар кешен табылды.
Моңғолияда Құтлық қаған жазуы бар кешен табылды

Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Моңғолияда Құтлық қаған деген жазуы бар кешен табылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша бұл түрік сөзі алғаш айтылатын тарихи жәдігер болып отыр.

«Мұның алдында Түркі академиясы Шивээт-уланда археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді, 2016 жылы аталған алқапқа арнайы экспедиция ұйымдастырды. Құтлық қағаннның тұсында салынған салтанатты кешеннен таңбалар, түрлі артефактілер табылды, мерзімі анықталды, 2018 жылы да жан-жағы қоршалып, қамқорлыққа алынды»,-деп жазды ол facebook-тегі парақшасына.

Сонымен қатар ол 2020 жылды ЮНЕСКО-да Тоныкөк жылы деп жариялағандарын, былтыр әйгілі абыз бен Күлтегін жазбаларын оқырманға қайта ұсынғандарын мәлімдеді.

«Осылайша 2019 жылы басталған Номғон экспедициясы пандемияға байланысты үзіліс жариялағанымен, академияның ізденістері жалғаса берді. Бүгінгі жаңалық соның нәтижесі деп ойлаймын. Еңбегі сіңген барша әріптестер мен осында тілекші болып отырған бауырдарымды тағы да құттықтаймын»,-деп жазды Д. Қыдырәлі.

Сондай-ақ ол аталған археологиялық жетістік бойынша бүгін баспасөз мәслихатын өткізетіндерін мәлімдеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.