arasha.kz

«Москва» суға батты

Ресейдің «Москва» ракеталық крейсері порттағы тұрағына келген сәтте батып кетті. Бұл туралы Ресейдің қорғаныс министрлігі хабарлады. Министрлік кеме теңіздегі дауылдан тепе-теңдік сақтай алмады деп отыр.

Ресей теңіз әскерінің флагманы саналатын «Москва» кемесі кеше, 13 сәуірде өртенген еді. Ресей тарабы ракеталық крейсерде алдымен өрт шығып, қару-жарақ қоры жарылып, кеме қатты зақымданғанын айтқан. Ведомоства экипаж толық эвакуацияланған хабарлаған, бірақ өрттің неден шыққанын айтпаған еді. Зардап шеккендер бар-жоғы белгісіз.

Ал Украина билігі украиналық кемелерге қарсы «Нептун» ракетасынан «Москва» крейсеріне шабуыл жасалғанын, кеме қатты зақымданғанын айтқан.

«Москва» – Ресейдің Қара теңіздегі ең басты кемесі еді. Кеме «Слава» деген атпен 1983 жылы пайдалануға берілген. 1996 жылы кемеге «Москва» атауы берілген.

Exit mobile version