arasha.kz

Мухоряповтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Кәсіпкер Рамиль Мухоряповтың қазақ тіліне байланысты айтқан даулы мәлімдемесі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаменті журналист Асан Анарбайдың сауалына берген жауабында хабарлаған.

«Ал, достар, Рамиль Мухоряповтың мәлімдемесіне қатысты арыз бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алматы қаласының Алматы қаласының Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы 20 қазанда ҚР Бас прокуратурасы мен Алматы қаласының прокуратурасына түсірген арызыма қылмыстық іс ашқаны жайлы жауап беріпті. Алматы қ. ПД ЭҚІСБ бастығының міндетін атқарушы Д.Е.Абикулов қол қойған хатқа сенсек, ПД Тергеу басқармасының ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының (“Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру”) 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған. » дейді журналист.

Әбіқұлов тергеліп жатқан қылмыстық іс шеңберінде психологиялық-филологиялық САРАПТАМА тағайындалып, нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын жеткізген.

Асан Анарбай айтуынша, бұл айыптың жазасы заңда үш нұсқада көзделген: 2 мың-7 мың АЕК айыппұл, 2-7 жыл аралығында бас бостандығын шектеу немесе айыру.

 

Exit mobile version