12-04-23 |
1210 рет қаралған
Мұхтар Тайжан 15 тәулікке қамалды.
Мұхтар Тайжан 15 тәулікке қамалды

ҚР парламенті мәжілісінің депутаттығына бұрынғы кандидат Мұхтар Тайжан қамауға алынды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен азамат Мұхтар Тайжан ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қаулы заңды күшіне әлі енген жоқ.

2023 жылдың 9 сәуірі, жексенбі күні Алматыда сайлауға қарсы митинг өтті. Сәуірдің 12-сі күні Мұхтар Тайжанның Астанада ұсталған Жаңғаөзендік мұнайшыларға қатысты мәлімдеме жасауға тиіс баспасөз мәслихаты жоспарланған еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.