
Назарбаев университетінің баспасөз қызметі желідегі бейнежазба бойынша басталған тергеуге қатысты пікір білдірді. Оқу орнының басшылығы жағдайды түсіну үшін тергеуге жан-жақты көмек көрсететінін мәлім етті, деп жазды Azattyq Rýhy.
«Назарбаев университетінің студенті айтқан, тексеруді талап ететін сексуалдық сипаттағы құқық бұзушылық жағдайлары туралы ақпарат бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының полиция басқармасы тиісті процессуалдық әрекеттерді жүргізіп жатыр. Университет кез келген зорлық-зомбылық әрекетіне мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанады және тергеуге жан-жақты көмек көрсетеді», – деп мәлімдеді университеттің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде жас қыз Назарбаев университетінің оқытушылары мен техникалық қызметкерлер тарапынан болған бірнеше жәбірлеу және зорлау фактілерін білетіндігін, сондай-ақ жоғары курста оқитын студент қыздар төменгі курста оқитын қыздарды қудалайтыны туралы бейнежазба жариялаған болатын. Ал полиция бұл дерек бойынша тергеуді бастады.
-
25.02.2025
-
25.02.2025
-
25.02.2025
-
25.02.2025
-
25.02.2025
-
25.02.2025
-
25.02.2025
-
25.02.2025
-
25.02.2025