arasha.kz

Назарбаев жайлы фильмге 7 млн доллар бөлінген

Тұңғыш президент қоры Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы фильмді түсіруге 7 млн доллар бөлген. Бұл туралы PROTENGE Telegram-каналы мәлімдеді.

«Тұңғыш президент қоры Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы фильмді түсіруге 7 млн доллар бөлді. 2021 жылы шыққан «Qazaq: Алтын адам тарихы» фильмін аты әлемге танымал Оливер Стоун түсірген. Келісімшарт сомасын журналист Михаил Козачков жариялады», – делінген жазбада.

Сонымен қатар Назарбаевтың бұл қорына қатысты тергеу қаңтарда басталып кеткені айтылады. Автордың жазуынша, қор қайырымдылықтан тыс өзге де қызметті атқарып келген, яғни миллиард доллары бар активтерді басқарған.

Exit mobile version