17-01-23 |
1330 рет қаралған
Назарбаевтарға тиесілі жерлер қайтарыла ма?.
Назарбаевтарға тиесілі жерлер қайтарыла ма?

Өткен аптада Парламент «Тұңғыш Президент – Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшін жою туралы» Конституциялық заңды қабылдады.

Оған сәйкес, Назарбаевтың отбасы мүшелері барлық кепілдіктен айырылады.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Назарбаевтың жақындарына тиесілі жерлер заңбұзушылық анықталған жағдайда мемлекетке қайтарыла ма деген сұраққа жауап берді.

Үкімет кулуарында журналистер Қарашөкеевтен заң күшіне енгеннен кейін Назарбаевтың отбасы мүшелеріне тиесілі жерлер егер заңбұзушылық анықталса, мемлекетке қайтарыла ма деп сұрады.

«Қандай фамилия болмасын, кім болмасын, бізге ол әсер етпейді. Біз барлық жерді тексереміз. Жерді тиімсіз пайдалану фактілері, жерді заңбұзушылықпен беру фактілері анықталса, әрине, міндетті түрде ол жерді тексеріп, елге қайтарамыз», – деді Қарашөкеев.

Айта кетейік, Ауыл шаруашылығы министрлігі былтыр 5 млн гектар жерді мемлекетке қайтарды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.