30-06-20 |
1790 рет қаралған
«Нұр Отан» партиясына келетін өтініштердің 88 %-ы төтенше жағдай енгізуге байланысты.
«Нұр Отан» партиясына келетін өтініштердің 88 %-ы төтенше жағдай енгізуге байланысты
Үстіміздегі жылдың қаңтарынан 20 мамыры аралығында «Нұр Отан «партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауына  141 мыңнан астам өтініш келіп түскен, бұл 2019 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 2,7  көп (51,8 мың) деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.
Олардың 54% оң шешімін тапқан, 40% түсініктеме беріліп, 6% орындалу үстінде.
Онлайн-режимге көшкелі бері ( 13 наурыздан) онлайн-өтініш саны 6,7 есеге өсті, оның ішінде әлеуметтік желі арқылы (facebook, Instagram) – 16 есе, Call-орталық арқылы – 2,6 және Whatsapp арқылы – 9 есе артты.
Бұдан бөлек өткен айда партия филиалдарында шұғыл қоңырау желісі жұмыс істеді. Онда 60 мыңнан астам қоңырау келіп түскен.
Аймақтық филиалдарда да онлайн сервис жұмыс істеуде. Партияның instagram парақшасындағы жазылушыларының саны 60 мыңға, ал  facebook парақшасындағы жазылушылар саны 5,7 мыңға артты.
Онлайн режимге өткелі аймақтардағы өтініш саны 8 есе артты. Өтініштердің көбі Нұр-Сұлтан қаласынан келеді – 11% (12,8 мың), Түркістан болысы 11% (12,2 мың) және Алматы қаласы 11% (12,1 мың), ең аз өтінік Қостанайдан – 3% (3,2 мың), Батыс Қазақстан облысы – 3% (3,1 мың) және Солтүстік Қазақстаннан 2% (2,5 мың) өтініш келді.
Жалпы алғанда 88 % өтініш төтенше жағдай енгізуге байланысты келеді. Оның ішінде ең маңыздысы ақша алуға байланысты (50 мың) – 63%, «BIRGEMIZ» қоры арқылы азық-түлік себетін алуға қатысты – 33%  , мемлекеттен әлеуметтік көмек алуға байланысты (42,5 мың) – 2%.
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.