2021 жылдың күзінде әскери қызметке шақырылған жігіт Нұр-Сұлтандағы Бас әскери-клиникалық госпитальда қайтыс болды. Ақпаратты Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растайды.
«2021 жылғы 28 қарашада Нұр-сұлтан қаласының Бас әскери-клиникалық госпиталінде 2003 жылы туған әскери қызметші Сариев Бобир Халматович қайтыс болды.
25 қарашасында мерзімді қызметтегі сарбаз ауруханаға жақ астының зақымдануы, дене температурасының көтерілуі, септикалық жағдайдың және инфекциялық-токсикалық шоктың даму белгілерімен түсті», – делінген әскери дәрігерлерге сілтеме жасап ведомствоның ресми хабарламасында.
Әскери дәрігерлер қажетті емдік, реанимациялық іс-шаралар кешенін жүргізді, сарбаздың денсаулығы мен өмірін сақтау үшін барлық шараларды жасады делінген.
Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Сариев 2021 жылдың күзінде Түркістан облысынан Нұр-Сұлтанда орналасқан Құрлық әскерінің әскери бөліміне мерзімді қызметін өтеуге шақырылды.
Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы Күштердің жеке құрамы Бобир Сариевтің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
-
05.01.2025
-
05.01.2025
-
05.01.2025
-
05.01.2025
-
05.01.2025
-
05.01.2025
-
05.01.2025
-
05.01.2025
-
05.01.2025