Бұған дейін Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовке қатысты қылмыстық іс анықталған заң бұзушылықтар түзетіліп, прокуратураға қайтарылған еді. 17 ақпанда сот тағы да алдын ала тыңдау өткізбек.
Павлодар облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында (ҚІЖМАС) атышулы сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс бойынша сот отырысы қайта жалғасты. Айыптаулар корпусында облыстың ПД-ның бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов, оның экс-орынбасары Дамир Сиразидимов және кәсіпкер Евгений Евкович отыр.
Бұрынғы жоғары лауазымды полицейлерге аса ірі көлемде пара алды, жымқырды, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденді деп айып тағылып отыр. Оның үстіне Нұрлан Мәсімов соттан қашпақ болған кезде мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтті деп айыпталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында, қалғандары үйқамақта. Қылмыспен келтірілген залалды өтеу және мүмкін мүлікті тәркілеу шаралары қабылданды, арыздар мен өтініштер түскен жоқ.
Қайта бастау туралы судья Нұрлан Қайырбековтің қаулысында айтылған.
«Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімовке (…), Дамир Шамилович Сиразидимовке (…), Евгений Владимирович Евковичке (…) айыптау бойынша қылмыстық іс өндіріске қабылданып, ол бойынша 2023 жылғы 17 ақпандағы ашық сот отырысында алдын ала тыңдау өткізілсін», – делінген сот актісінде.
Іс 90 миллион теңгеден астам параға қатысты. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының қорытындысына сәай, полиция бастықтары бұл соманы мемлекеттік сатып алу бойынша қамқорлық жасау, еншілес фирмалармен келісімшартқа отыру үшін алған. Артиллериялық техника алуға бөлінген тағы 140 миллион бюджет қаражаты да жымқырылған болуы мүмкін. Кәсіпкер Евгений Евковичке сыбайластық жасады деген айып тағылып отыр, деп жазды Zakon.kz.
Нұрлан Мәсімов түрмеде отырғанда бюджет заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл төлеген. Тексеру барысында Павлодар облысының ішкі істер департаментінде атты әскер полкінің жылқыларын азықтандыру үшін арпа мен сәбіз нормадан артық сатып алынғаны анықталды.
-
24.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024