04-05-23 |
1280 рет қаралған
Омбыда әскери комиссариатты өртеген Қазақстан азаматы сотталды.
Омбыда әскери комиссариатты өртеген Қазақстан азаматы сотталды

Омбыда әскери комиссариатты өртеген Қазақстан азаматы 13 жылға сотталды.

«1-ші Шығыс аудандық әскери сотының қаулысымен Аңсаған Молдахметов қылмысты жасағаны үшін Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205-бабы бойынша кінәлі деп танылып, (адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша ірі мүліктік залал келтірген өрт қою) 13 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болды, оның алғашқы үш жылын түрмеде өтейді», – деді РФ Омбы облысы бойынша ФҚҚБ-ның өкілі Ирина Руснак.

Белгілі болғандай, айыпталушы Telegram мессенджері арқылы белгісіз адамнан әскери комиссариатты өртеу жөнінде тапсырыс түскен. Оның бұл қызметі 6 млн теңгеге бағаланған.

«Ер адам танысы Сейіл Мұратұлы екеуі Омбыға келіп тапсырыс берушінің өтінішін орындау үшін шөлмекке жанғыш сұйықтық құйып әзірлеген. Түнде олар Орталық және Совет округі жөніндегі әскери комиссариатты өртеп, бой тасалаған», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Сейіл Мұратұлына федеральді іздеу жарияланған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.