ШҚО бойынша ҚАЖД «№24 мекемесі» сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ауқымды кездесу өтті.
Кездесудің басты тақырыбы «Еңбек қауіпсіздігі, өндірістік жарақаттың алдын алу болды». Кездесуге Өскемен қаласының мекемелерде қылмыстық жазалардың орындалуы заңдылығын қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокуратура өкілі және Шығыс Қазақстан облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы қызметкері, сондай-ақ «№24 мекемесінен сотталғандар қатарынан жұмыс күшін алып отырған кәсіпкерлер қатысты.
Ортаға салынған сұрақтар толық талқыға түсті, жұмыс берушілер өндірістік жарақаттың алдын алу бойынша көптеген сұрақтарына жауап алды. Тиісті дайындық, сақтық шараларына қарамастан оқыс жағдайдың тіркелуі бар. Белгілі бір өндірісте өзіне сеніп, менмендікке салынып орын алған деректер қатары болған. Тек қана еңбек шарты мен техника қаіпсіздігі журналында ғана емес, жұмыс беруші өзіне жүктелген жүктін ауыр екенің сезінуі керектігі түсіндірілді. Кездесу ауқымды өтті. Кездесу қатысушыларға үлкен әсер қалдырды.
№24 мекеме қызметкері
Кошербаева Арай