Заман талабына сай шығармашылық мамандықтар белсенді түрде жастар арасында танымал болуда. Соның ішінде, әсіресе, суретшілер. Қазіргі таңда суретшілердің көптеген бағыттары бар: Суретші-иллюстратор, портретист, карикатурист, копиист, реставратор және т.б. Үлкендер шығармашылық мамандықтарды тұрақсыз, хобби ретінде қарастырады. Ал жастардың бұған деген көзқарасы бөлек. Шығармашылықты табыс көзі ретінде қарастыруға бола ма? Оны бизнеске қалай айналдыруға болады? Міне, осы мәселе төңірегінде суретші, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі Қаракөз Мұқановамен сұхбаттасып, сұрап білген едік.
– Неліктен көптеген жастар табыс көзі ретінде шығармашылық мамандықтарын таңдайды және бұл шешімге қандай факторлар әсер етеді деп ойлайсыз?
Бұл адамның темпераментіне байланысты. Себебі әр адам шығармашылық қызметімен айналыса алмайды. Біреу математика жағына, басқа біреу басқа нәрсеге құмар. Меніңше, халықтың аз бөлігі ғана шығармашылықпен айналысады. Яғни, бұл әркімің қызығушылығына байланысты. Егер сіз шығармашылықты таңдап жатсаңыз, шетелдегідей неге оны дамытпасқа?
– Мен сіздің Динара Сәтжанмен бірге болған сұхбатыңызды көрдім. Маған сіздің өз жұмысыңызға және шығармашылығыңызға деген құштарлығыңыз қатты ұнады. Бірақ сіз қандай да бір себептермен бұл саладан көп ақша таппаймын деп айттыңыз, оған не себеп?
Біреу үшін миллион көп, ал біреу үшін бұл жеткіліксіз, бұл суретшінің былай айтқанда аштығына байланысты. Егер біз табыс көзін өнер мектебі ретінде қарастыратын болсақ, одан жиналған ақшаның бір бөлігі мұғалімнің жалақысына кетеді, жалдау ақысы бар, коммуналдық қызметтер бар, салықтық аударымдар бар және т.б. Соңында, шыны керек, мұндай үлкен ақша сомасы шықпайды. Ақша табу үшін әлдеқайда жақсы салалар бар деп ойлаймын. Бірақ табысыңды арттыру үшін қосымша курс не мастер-класс жасап, қосуға болады.
– Шығармашылықты бизнеске қалай айналдыруға болады?
Бұл өте оңай. Егер сіз би билесеңіз, сіз би студиясын аша аласыз, егер сіз сурет салсаңыз, сіз курстарды аша аласыз, сіз шоу ашып, осы арқылы ақша таба аласыз, әртүрлі іс-шараларға барып, ақша таба аласыз. Яғни, шексіз мүмкіндіктер есігі ашық. Тек ынта, талап және өзіңді әр бағыттан байқап көру.
– Сіз жаңа бастаған суретшілерге және болашақта өз бизнесін ашқысы келетіндерге қандай кеңестер берер едіңіз?
Ең алдымен әртүрлі студияларда жұмыс істеп көріңіз, жұмыс мәнін түсініңіз және тәжірибе жинаңыз. Мүмкін бұл сізге мүлдем ұнамайтын да шығар. Кейінге шегере бермей, қазірден өзіңізді сынап көріңіз!
Ақлима Болатқызы
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024