Журналист, әскери сарапшы Амангелді Құрметұлы «Барыс 8×8» бронды көлігін жасайтын «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС-не қатысты ойын білдірді.
«Былтыр Otokar мен «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» компаниясының бронды көліктері 6 ай бойы сынақтан өткен. Arma 8×8 бен «Барыс8X8» көліктері. Сонда «Барыстың» біраз әлсіз тұсы байқалыпты. Видеолары да бар. Сынақтан сүрінген соң компаниядағылар Қорғаныс министрлігіне ақпараттық шабуыл арқылы қысым жасауға кіріскен сыңайлы. Әйтпесе салған беттен министрлікті айыптамас еді»,-деп жазды ол Facebook-тегі парақшасына.
Сонымен қатар ол министрлік осы жолы аталған компанияның сынына нақты жауап беріп, пункт-пункт бойынша талдағанын жазды.
Мәселен министрлікті ресми жауабында бүй депті: «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» құрылтайшыларының бірі – Paramount Group Limited – қорғаныс және аэроғарыш техникасына маманданған Оңтүстік Африка корпорациясы. Оның бронды техникасы қазақстандық машинаның прототипі болып табылады. Бастапқыда «Арлан» БК Оңтүстік Африкалық «Marauder» бронды транспортерінің көшірмесі ретінде шығарылды. 2011 жылы Оңтүстік Африка Республикасы компаниясының үлгілес «КПИ» ЖШС Singapore Technologies Kinetics-пен (STK) 90 млн еуро сомасына брондалған көлікті жеткізу жөнінде мәміле жасасты.
Алайда, 2016 жылдан бастап бұларды жеткізуді толық жүзеге асырмады. Сөйтіп 2018 жылдың ақпан айында STK PCS банкрот деп жариялауға өтініш берді»,-деп жазды ол.
А. Құрметұлы сондай-ақ 2018 жылы Оңтүстік Африка компаниясы қаржылық қиындықтарға және өз міндеттемелерін уақтылы орындамауына байланысты банкрот деп жарияланып, өз қызметін тоқтатқанын жеткізді.
«Бұдан басқа, «Марадер» және «Матадор» минаға қарсы күшейтілген қорғанысы (MRAP) бар брондалған автомобильдер қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге (полиция функциялары), терроризмге қарсы операцияларды жүргізуге, шекара патрульдеуге арналған, сондай-ақ олар Қарулы Күштердің іс-қимылына ғана емес, бітімгершілік миссияларға да қатысады. Кең ауқымды маркетингтік акцияға қарамастан, бұл бронды транспортерлердің түрлері Оңтүстік Африка армиясында жоқ, ал шыққан 25 бронды транспортер Оңтүстік Африка полициясының бөлімшелеріне берілген болатын. Қазіргі уақытта Оңтүстік Африка Республикасындағы «Paramount Group» компаниясы «Марадер» және «Матадор» бронды автобильдерін шығаруды тоқтатты»,-деді сарапшы.
Сонымен қатар, ол Әзербайжанның қорғаныс өнеркәсібі министрлігі бұған дейін 45 «Марадер» және «Матадор» бронды көліктерін сатып алғанын, тағы 65 машина Әзербайжандағы «ЭВМ зауыты» кәсіпорнында шығарылғанын жеткізді. Алайда, бұл өндіріс орны да жұмысын тоқтатқан.
2008 жылы Paramount Group пен «KADDB» компаниясы (Иордания) «Марадер» БК бірлесіп өндіру туралы келісім жасасты. Сонымен қатар, иорданиялық кәсіпорын да топтап шығарған жоқ. 2011 жылы Грузия Қорғаныс министрлігі Ford Super Duty базасында әзірленген «Дидгори» бронды дөңгелекті көлігінің пайдасына «Марадер» БК өндірісінен бас тартты.
Осылайша, сұранысы жоқ өнімді шығаратын жалғыз компания «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС болып отыр.
«Бүгін Оңтүстік африкалықтар технологиялар мен сызбаларды толығымен тапсырды» дегенге берер жауабымыз: модель өндірістен шығарылды, зауыт банкротқа ұшырады, бұл бронды көлік әлемнің ешқандай әскерінде пайдаланылмайды».
Қысқасы оңтүстік африкалық техниканы біздің нарыққа тықпалғандардың біраз шикілігі ашылатын сияқты»,-деп жазды ол.
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024