18-05-23 |
1320 рет қаралған
Оппозиция қайраткері Жасарал Қуанышәлин қайтыс болды.
Оппозиция қайраткері Жасарал Қуанышәлин қайтыс болды

Алматыда оппозициялық саясаткер, диссидент Жасарал Қуанышәлин қайтыс болды. Ол жақында ауыр науқастанып, ауруханаға түскен еді. Оның қайтыс болғанын белсенді Ниязбек Юсупов растады. Қаралы хабарды Юсуповке дәрігерлер айтқан.

Белсендінің айтуынша, 18 мамырда түстен кейін Жасарал Қуанышәлинді дәрігерлер «жасанды тыныс аппаратына жалғаған, алайда жүрегі шыдамаған».

16 мамырда Жасарал Қуанышәлин аурухананың реанимация бөліміне түскен еді, деп жазды Азаттық радиосы.

Жасарал Қуанышәлин 1994-95 жылдары Қазақстан Жоғарғы кеңесінің депутаты болған. Кейін оппозицияға өтіп, түрлі ұйымның қатарында билік саясатын ашық сынап келді. Кейінгі жылдары партия құруға талпынғанымен, оларды әділет министрлігі әртүрлі уәжбен тіркемеген. Президент сайлауына түсуге ниет те білдіргенімен, кандидат ретінде тіркеле алмаған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.