Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстанға 7 287 адам келді, елден 12 344 адам кеткен, көші-қон сальдосы -5 057 адамды құрады.
«Еліміздің негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдерімен жүзеге асады. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 84,5%, кеткендер – 83% мигранттардың жалпы санынан»,-делінген хабарламада.
Бұл ретте ел ішінде көшіп-қонушылардың саны 1,4%-ға азайды.
Өңіраралық қозғалыстар бойынша еліміздің үш облысында: Алматы (17 691 адам), Нұр-Сұлтан (15 753 адам) және Шымкент (1 883 адам) қалаларында халықтың көші-қонының оң сальдосы қалыптасты.
2022 жылдың қаңтар-маусым аралығында елімізден Ресейге – 9875 адам көшіп кеткен, Германияға – 1332, Польшаға – 185, АҚШ-қа – 182, Өзбекстанға – 127, Беларусқа – 119, Қырғызстанға – 81, Канадаға – 65, Израильге – 58, Түркияға – 51, Моңғолияға – 21, Украинаға – 20 адам көшіп кеткен.
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
18.11.2024