18-09-22 |
1670 рет қаралған
Өскеменде мектеп меңгерушісімен ұрсысып қалған еден жуушы кабинет алдында қайтыс болды.
Өскеменде мектеп меңгерушісімен ұрсысып қалған еден жуушы кабинет алдында қайтыс болды

Өскемен қаласында 25-ші орта мектепте қайғылы жағдай болды. Оқу ісінің меңгерушісімен ұрсысып қалған еден жуушы кабинеттің алдында қайтыс болды, деп жазды Sputnik Қазақстан.

Куәгерлердің айтуынша, 15 қыркүйекте мектепте еден жуатын әйел мен оқу ісінің меңгерушісі жанжалдасып қалды. Осыдан кейін тазалыққа жауапты келіншек таблетка ішкен-міс. Артынан жағдайы нашарлап, меңгеруші отыратын кабинеттің алдында жан тапсырды дейді.

Шығыс Қазақстан облысы полиция депаратменті қайғылы оқиғаның болғанын растады. Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша тергеу шараларының басталғанын да хабарлады. Алайда күні кеше қылмыс басқа бапқа ауыстырылды.

«Іс ауыстырылды. 105-ші бапты алып тастады. Қайтыс болған әйелде гипертония болған, жүрегі де ауырды», – дейді полицейлер.

Қазіргі кезде істің мән-жайын анықталып жатыр. Тергеу шаралары қолға алынды.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.