arasha.kz

Өткен айда Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,9%-ды құрады

2024 жылғы қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ремьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров баяндады.

Есептік кезеңде Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,9%-ды құраған.

Салалар арасында ең жоғары өсуді құрылыс, көлік және қоймалау, ақпарат және байланыс, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі көрсетті.

Алдын ала қорытындылар бойынша 2023 жылы сыртқы сауда айналымы 3,2%-ға өсіп,  $140 млрд-ты құрады.

Экспорт шамамен $79 млрд жетті, өңделген тауарлар экспорты – $25 млрд-тан, импорт –$61 млрд-тан асты.

Жалпы, оң сауда балансы шамамен $18 млрд.

Exit mobile version