31-08-22 |
1800 рет қаралған
Өзгенің бизнесін рейдерлік жолмен басып алғандар 18 млрд теңге шығын келтірген.
Өзгенің бизнесін рейдерлік жолмен басып алғандар 18 млрд теңге шығын келтірген

Қаржылық мониторинг агенттігі бірнеше ЖШС-ны рейдерлік жолмен басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Алдын ала болжам бойынша зардап шегушіге келтірілген шығын көлемі 18 млрд теңгеден астам қаражатты құрайды.
«14 шілдеде Р. Бабаев, Т. Танашев, Д. Әбижанов және А. Алтыбасаровқа қатысты сот қамауға алуды санкциялады. Қоспаев, Шалин және Имашев халықаралық іздеуге жарияланды. Мүлікті анықтау және тыйым салу шаралары қабылданды. Жоғарыда аталған азаматтардың $9 млн жуық құрайтын қаражаты, зергерлік бұйымдары қамауға алынды», – делінген агенттік хабарламасында.
Күдіктілер мен оларға қатысты тұлғалардың 154 жылжымайтын мүлік объектісі, 19 көлік тәркіленді.
«Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілуге жатпайды», – делінген хабарламада.
Қаржылық мониторинг агенттігі аталған топ мүшелерінің рейдерлік әрекетінен зардап шеккен азаматтардан арыздар әлі де келіп түсіп жатқанын мәлім етті.
«Осыған орай, Қоспаевтың және басқа да тұлғалардың әрекетінен зардап шеккен кәсіпкерлерді ҚМА немесе аумақтық департаменттерге хабарласуға шақырамыз», – деді агенттік өкілдері.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.