19 наурызда өткен сайлауда «Amanat» партиясы басым дауыс алды. Алматы қалалық мәслихатының сайлауға алты саяси партия қатысты. Оңтүстік мегаполисте электораттардың тізіміне 1 202 078 адам енгізілсе, соның ішінде 302 270 адам саяси додаға барып азаматтық үнін танытып, дауыс берді. Саяси бәсекеде «Amanat» 151 531 дауыс алып, 51,49 пайыз көрсеткішпен көш бастаған партияның Алатау аудандық саяси кеңесінің мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері, білікті педагог, білгір басшы Гүлжан Бекеновамен сұхбатымыз партиялық жүйені жүлгесі, сайлаудан кейінгі бағыт-бағдары төңірегінде өрбіді.
–Гүлжан ханым, ең әуелі өзіңізді саяси додадада жеңіп шығуыңызбен құттықтаймыз. Сіз бұған дейін де Алматы қалалық мәслихатының депутаты болдыңыз. Қоғамдық-аяси алаңға тағы да ат байлап, додада жеңіп шықтыңыз. Алматы қалалық мәслихат депутаттығына кандидат ретінде Алатау ауданындағы №3 сайлау округі бойынша сайлауға түстіңіз. Саяси өріске қалай келдіңіз, көпшілік өзіңізді білікті педагог, білгір басшы ретінде жете танып түстейді. Бүгінгі таңда да мектеп директоры деген қызметтесіз.
– Құттықтауыңызға рахмет, Алматы қалалық мәслихат депуттаттығына кандидатурамды ұсынып, бір ай бойы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, халықтың ішінде болдық. Көп жайтты көкейге түйдік, атқарылатын, жүзеге асыратын түйткілді мәселелер өте көп. Сондықтан бізге жүктелген жауапкершіліктің жүгі ауырлай түсетінін сеземіз. Қоғамдық-саяси арнада да өзімінің азаматтық үнімді 2007 жылдан бері жеткізіп келемін. Сол жылдан бастап «Amanat» партиясының мүшесімін. 2020 жылдан бері қарай партияның Алатау ауданы бойынша филиалы саяси кеңесіне мүшелікке өттім, 2021 жылдан бастап «Amanat» партиясы Алатау ауданы филиалы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің де мүшесімін. 2007 жылдан бері қарай еліміздің білім саласында ғана емес, қоғамдық-саяси аренада да өзімнің үнімді жеткізіп, халықтың әлеуметтік мәселесін оңтайлы шешуге үлесімді қосып келемін.
– Халықтың әлеуметтік мәселесі демекші, сіз бұған дейін де яғни VII шақырылым депутаты болдыңыз. Партияның мүшесі ретінде өзіңіз қандай келелі мәселелерді көтердіңіз, қордаланған түйткілдің шешілуіне септігіңізді тигізе алдыңыз ба?
– Әрине мәслихат депутаты деген мандат сайлаушылардың артқан сенімі екені анық. VII шақырылымның депутаттық қызметін атқарғанда көбінесе өзімінің салам – білім жүйесінің түйткілді мәселелерін көтердік. Партияның бағдарламасына сай «Жайлы мектеп» жобасын қадағалап, жүзеге асырылуына серпін беру негізі мақсат. Бағдарлама аясында Алматы қаласында 20 мектеп салынуы тиіс. Біз партияның атынан осы шаруаның уақытында жүзеге асырылуын қадағалаймыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та үнемі айтып жүр, елімізде балабақшалар мен меткептерде орын жетіспеушілігі әлі де маңызды. Әсіресе Алматыда ерекше байқалады. Сол түйткілді шешіп, мәселеге тереңдей бойлап түйінін тарқатуға күш салдық. Жетінші шақырылымда екі жылдай депутаттық қызмет атқарғанда мектептер мен балабақшалардың құрылысын қадағалаушы топтың кураторы болып бекітіліп, белсене жұмыс атқардық. Кураторлық міндетті арқалаған соң құрылыс жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқанын, сапасының қаншалықты екенін бақыладық. Парламенттен «Amanat» партиясының мүшелері, Мәжіліс депутаттары да ер аралауға шыққанда Алматыдағы балабақша, мектеп құрылыстарының жұмысы қалай жүріп жатқанын көрсетіп, бірге жүрдік. Сенсеңіз, қазір өзім директор лауазымын атқаратын Алатау ауданындағы №204 жалпы білім беретін мектептің іргетасы құйылған мезгілінен бастап құрылысын қатаң қадағаладық. Рас, мен бұл мектепке директор болып тағайындаламын деген оймен бақай есеп танытқамыз жоқ. Басты мақсат сапалы мектеп салынса, балалардың қауіпсіздігі үшін, мұғалімдердің көңілі алаң болмай кең, жарық, жылы кабинеттерде шәкірт тәрбиелесе дегенді көздедік. Мәслихат депутаттарының айтқан сын, ескертпелерінен мердігер компаниялар да нәтиже шығарып, дер кезінде түзеп отырды. Қуантарлығы мәслихат депутаттарының ескертпелері одан кейін салынатын білім ошақтарының құрылысы барысында ескеріліп, жіті қадағаланды. Жаңа қандай мәселелерді көтеріп, үн қостыңыз деген сауалыңызға қатысты тағы бір қосарым: Алатау ауданына қарайтын «Рахат», «Мәдениет» деген ықшам аудандар бар. Осы ықшам аудан халқының оқушылары №196 мектепте оқиды. Дәретханасы сыртта, ескі мектеп. Біз мәслихат депутаттары бұл мәселені жиі көтеріп, тиісті орындарға хат жолдап, жаңа мектептің құрылысынна жер беріліп,»Рахат-Мәдениет» ықшам ауданының тұрғындары биылғы жаңа оқу жылын су жаңа мектепте бастады. Бұл да біздің мәслихат депутатарының, «Amanat» партиясы мүшелерінің білім саласындағы көтерген мәселесінің бірі болатын.
– Халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, арзу-арманын билік өкілдеріне жеткізуде, әлеуметтік мәселелерді көтеруде өздеріңізге артылар жүктің де салмағы зор екенін айтып отырсыз. Билік пен халық арасына диалог орнатушы партияларға елдің сенімі қашан орнайды? Ең алдымен сайлаушылардың аманатын арқалап, үмітін ақтаған кезде. VIIІ шақырылымның да жұмысын бастап кеттіңіздер. Алда қандай мәселелер көтереді партия мүшелері?
– Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі өзегі халықтың әлеуметтік және өмірлік маңызды мәселелерін шешуге қолдау көрсету. Осы мақсатта жұмыс істейміз. Бағытымыз білім саласын қамтитындықтан да меткептерге бөлінетін қаржының көлемін ұлғайту. Білім ошақтарының материалдық-техникалық базасын жаңартып, әлеуетін нығайтудың барлығы да қаржыға келіп тіреледі. Пәндер бойынша кабинеттерді жарақтандырып, қажетті құрал-жабдықпен қамту да оқу сапасын арттырып, балалардың білім деңгейін көтеруге септігін тигізеді. Алматы қалалық мәслихат депутаттығына Алатау ауданындағы №3 сайлау округінен түскендіктен осы ауданның әлеуметтік мәселелері басты назарымызда болады. Сайлау алдындағы бір айлық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізгенде халықтың жеткізген талап-тілегінің барлығы да қолымда қаттаулы тұр. Кезек күттірмей шешілуі тиіс жайттар көп. Алғабас ықшам ауданыдағы көшелерге жүргізіліп жатқан жөндеу жұмысытарын осы жылдың соңына дейін аяқтауын қадағалауды қолға аламыз, Алатау ауданының тұрғындарын тасымалдайтын №24, №115 бағыттағы қоғамдық көліктерді жаңарту, маршруттық бағыттарын кеңейтіп, жаңа бағыттарды іске қосуды міндеттейміз. Бұл ауданда бала саны өте көп, екі ауысыммен оқитын мектептерде оқушыларға орын тапшылығы қатты сезіледі. Жаңа мектептер салу кезіндегі құрылысты қадағалау жұмыстарын да күшейтеміз. Шалғайдан қатынап оқитын оқушыларды тасымалдауға автобус бөлдіруге ықпал етеміз. Сонымен қатар мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бақылау камераларын көбейтіп, кіре беріс есікке турникет орнатуды да назарда ұстап, бақылап отырамыз. Өзіңіз айтқандай, «Amanat» партиясы халықтың үнін билікке жеткізуші екенін тек ісімен дәлелдейді. Берілген уәде сөз жүзінде қалып қоймай іске асырылуына күш саламыз. Алатау ауданының тұрғындарын партияның филиалында айына бір мәрте қабылдап, мұң-мұқтажын тыңдаймыз. Партияның Алматы қаласындағы филиалында да тұрғындармен дидарласып, талап-тілектерін жазып алып, тиісті орындарға жеткіземіз. Партиялық жүйенің дамуы депуттардың қам-қарекетіне тікелей байланысты дер едім. Ел үмітін арқалап атқа қондық екен, сенімге селкеу түсіруге болмайды.
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024