АҚШ Қорғаныс министрлігі Украинаға жалпы сомасы 1,1 миллиард доллар болатын жаңа әскери көмек пакетін жариялады, деп жазды Азаттық рухы.
Алайда бұл ақша қоймалардан дайын қару-жарақ пен жабдыққа емес, өндірушілердің тапсырыстарына жұмсалады. Бұл тапсырыстарды орындау бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылуы мүмкін.
Бұл қаражатқа тағы 18 HIMARS көпреттік зымыран жүйесіне тапсырыс беріледі (әзірге Құрама Штаттар Украинаға тек 16 бірлік берді). Сонымен қатар, оқ-дәрілер, 150 бронетранспортер, 150 тактикалық трактор сатып алынады.
Пентагонда жаңа көмек пакетін «Украина Қарулы Күштерінің ұзақ мерзімді күшін арттыру үшін маңызды мүмкіндіктерге салынған көпжылдық инвестиция» деп аталады. Ресейдің Украинаға толық басып кіруінен бастап, америкалық тарап 16,2 миллиард долларға көмек көрсетті.
-
20.11.2024
-
20.11.2024
-
20.11.2024
-
20.11.2024
-
20.11.2024
-
20.11.2024
-
20.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024