21-09-21 |
1690 рет қаралған
Перьм университетіндегі қарулы шабуылдың толық видеосы шықты.
Перьм университетіндегі қарулы шабуылдың толық видеосы шықты

Перьм мемлекеттік университетіне қарулы шабуыл жасаған Тимур Бекмансуровтың бейне бақылауға түскен әрекеті Baza Telegram арнасына жарияланды. Ол аталмыш оқу орнының заңгер мамандығы бойынша бірінші курс студенті. 

Жарияланған мәліметтерге сүйенсек, студент 12 калибрлі Huglu мылтығымен қаруланған. Ол университеттің сегізінші корпусында кіріп, кем дегенде 30 оқ атқан деген ақпарат бар. 

Бетін бүркеп, қаруланып алған студент оқ жаудыруды ғимараттың сыртынан бастағаны байқалады. Әрі қарай негізгі есіктен кіріп, алдынан шыққандардың бәрін атқан.

Қылмыскерді жақын жерде жол-көлік оқиғасын бақылап жүрген жол полициясы Константин Калинин қолға түсірді. Оны куәгерлер көмекке шақырған.

LIFE SHOT телеграм-каналы Бекмансуровтың университетке таксимен барғанын жазады. «Яндекстегі» соңғы баратын нүктесіне ол Пермь-2 теміржол вокзалын көрсеткен. Ол жерден оқу ордасына дейін бар жоғы 600 метрлік жер. Университетке 11:02-де жеткен.

Қарақшы «Mazda» көлігінен түскен соң, университетке баруға асыққан жоқ. Үлкен қара сөмкесін сермеп, бет-аузын бүркемелеген ол 11:04-те аялдамаға келеді. Онда 15 минут болып, университетке қарай бет алады.

Сабақ кестесі бойынша сағат 11:30-да үшінші дәріс басталуы керек болған. Көшедегі бірінші атыс та қоңырауға бірнеше минуттар қалғанда естілген.
Атыс салдарынан алты адам қаза тапты. 28 адам жарақат алып, олардың 19-ы оқтан жапа шеккен. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.