Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк ұлттық телемарафон барысында Қырымды азат ету уақыт еншісінде екенін және ол қала украиналықтардың бақылауына өтісімен ресейліктер ол жерден табандарын жалтырататынын мәлімдеді.
«Егер біз Луганск, Донецк және Запорож облыстарын азат етсек, Қырым біздің атыс нысанымызға айналады. Сонда ресейліктер ол жерде не істеп жүретінін түсінбеймін. Олар қашу керегін жақсы түсінеді ғой. Өйткені Ресей қазірден ол жерден қашуға дайын, тек олар әлі алкогольдәік масаң күйден әлі шықпады. Естерін жинап жан-жағында қараған соң қашу керегін, әйтпесе өлетінін түсінеді», – деді Подоляк.
Сонымен қатар ол бастаған соғысты аяғына дейін жеткізіп, болашақ ұрпаққа бейбіт өмір сыйлау керектігін айтып өтті.
«Бүгін бомбадан паналап отырған балаларымыз 3-5 жылдан кейін тағы бір құн төлегені керек емес. Олардың мемлекеттің өмір сүру құқығы үшін өлгені бізге керек емес. Сондықтан біз қазір соңына дейін соғысып, болашақ ұрпағымыздың керемет елде өмір сүргенін қалаймыз. Ондай жағдай болмағанда басқа мекен іздеуімізге тура келеді, ол кезде Украина болмайды»,- деді ол.