16-01-23 |
1170 рет қаралған
Полицейлер қылмыскерлер мен жат ағым өкілдеріне қару сатып келген.
Полицейлер қылмыскерлер мен жат ағым өкілдеріне қару сатып келген

Қару-жарақты екінші рет айналымға енгізумен шұғылданған құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен бұрынғы қызметкерлері және олардың көмекшілеріне қатысты сот процесі аяқталды.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, тіркеуден шығарылған оқ-дәрімен атылатын қару және оқ-дәрі қылмыстық схема бойынша жойылды деген жалған есеп арқылы кейін сатылуға шығарылып отырған.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірге екі кезеңнен тұратын операция барысында Алматы қаласы және Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарында қаруды қайта айналымға шығару арнасының жолын кесті. Ұстау және тінту барысында 347 бірлік қару, 13 граната және 7 387 оқ-дәрі алынды. Полицияның бұрынғы қызметкері ұйымдастырған қаруды модификациялау цехының көзі жойылды», – делінген хабарламада.

Жедел зерделеуді жалғастыру арқылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыс әлеміне, заңсыз діни ағымдарға қатысты және бұрынғы полицейлерден тұратын қаруды сатып алушылардың толық базасын анықтады.

«Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының шешімімен кінәлі адамдар 2-ден 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру мерзімдеріне сотталды. Қызметтік міндеттеріне салғырт қарағандары және жеке құрамды бақылауды әлсіреткендері үшін құқық қорғау органдарының бірқатар басшысы теріс негіз бойынша қызметтен шығарылды», – делінген ведомство хабарламасында.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.