15-03-24 |
12630 рет қаралған
Полицияға бағынбаған шенеунік 15 тәулікке қамалды.
Полицияға бағынбаған шенеунік 15 тәулікке қамалды

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімінің орынбасары полицияның мас күйіне сараптамадан өту туралы талабын орындамағаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Наурыздың 9-ы күні полиция қызметкерлері әкім орынбасары басқарған Jac көлігін тоқтатты. Полицейлер оның байсалдылығына күдіктеніп, шенеунікті медициналық тексеруден өткізуді талап еткен. Әкімнің орынбасары денсаулығына байланысты одан бас тарттқан. Шенеунік сот отырысында өз кінәсін мойындамады.

«К.-ның әкімшілік құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі іс материалдарымен, атап айтқанда бейнежазбамен, аурухана қызметкерлерінің және нарколог дәрігердің айғақтарымен дәлелденді, олар К.-ның медициналық тексеруден бас тартқанын айтты, К.-ның денсаулығының нашарлағаны анықталмады», – деді сот.

Осылайша шенеунік кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік жазаға тартылды, сонымен қатар сегіз жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.