Путин біздің президент деген Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарының ісімен облыстық Ұлттық қауіпсіздік департаменті айналысады.
«Аталған жайт бойынша іс СҚО-ның ҰҚКД-не тергеуге жіберілді», – деп жауап берді облыстық полиция депаратменті.
Жақында әлеуметтік желіде чатрелеткаға шыққан екі қыздың видеосы тараған. Ол жерде екі қыз 18 жаста екенін және Петропавл қаласында тұратындарын баяндайды.
Сондай-ақ олар Петропавл орыстардың тарихи жері екенін айтады. Ал, қай президентке дауыс берер едіңдер деген сұраққа, Тоқаевқа емес, Путинге береміз дейді бірауыздан.
Қыздардың айтуынша, олардың Қазақстандағы достары Украинада ресейлік әскер қатарында соғысып жүр.
Еске салайық, Қазақстан заңнамасы бойынша жалдамалылар (ҚР Қылмыстық кодексінің 170-бабы) үшін жаза қарастырылған.
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024