arasha.kz

Президент шағын және орта бизнестің маңызына ерекше тоқталды

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында шағын және орта бизнестің маңызын ерекше атап өтті. Ел экономикасын қарқынды дамыту үшін кәсіпкерлердің жаңа толқыны керек екенін айтты.

Демек, кәсібін адал жүргізетін, салығын уақытында төлейтін шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдаудың нақты шаралары көрсетіледі. Жас кәсіпкерді жеңілдікпен қаржыландыру, кәсіп бастауға гранттар, диқанға көктемгі егіс жұмыстары мен астық ору кезеңіне жеңілдікпен жанармай, фермерге мал өсіру үшін уақыты берілген субсидия, қисынды салық салу кәсіпкерлікті ілгерілететіні сөзсіз.
Осы шараларды іске асыру үшін Үкімет және жергілікті атқарушы органдардың қолдауы керек. Қаржы институттардың, банктердің, мемлекеттік органдардың кәсіпкерлерге деген ниеттестігі керек. Осы бағытта Ұлттық палата ретінде еңбек етуге қашанда дайынбыз.

2022 жылы Алматы ӨКП Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 2 078 кәсіпкерге тегін сервистік қолдау көрсетті, оның ішінде 843-і бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу, сондай-ақ статистикалық есептілік жасау; 365-і заң мәселелері және конкурстық (тендерлік) рәсімдер бойынша; 608-і маркетинг мәселелері бойынша; 262-сі қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шараларын алу мәселелері бойынша қызметтер.

2023 жылғы 1 наурызға Алматыда тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің 364 139 субъект. Соның ішінде заңды тұлғалар саны 132 565 субъект, жеке тұлғалар саны 229 063 бірлік. Статистикалық бизнес-тіркелімнің деректері бойынша жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлердің ең көп саны Алатау (жалпы санының 17,6%), Әуезов (16,4%) және Бостандық (15,7%) аудандарында шоғырланған. Бұл ретте жұмыс істеп тұрған шаруа немесе фермер қожалықтарының едәуір саны Алатау (16,6%), Әуезов (15,2%) және Наурызбай (14,8%) аудандарында тіркелген.

Оңтүстік астанада тауар өндіру көлемі артып келеді. Алматыда өндірісітің артуын өнімді сертфиикаттау жүйесі де растап отыр. 2022 жылы Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы кәсіпорындарға 1457 сертификат берді. 2021 жылы кәсіппорындарға 772 сертификат, 2020 жылы – 470 сертификат берілген. 2022 жылы Алматы кәсіпкерлер палатасы 11 815 экспорттық сертификат берген. 2021 жылы бұл көрсеткіш толық жыл ішінде 9 827 сертификат, 2020 жылы – 5 967 сертификатты құраған.
Қарап отырсақ, әр өңірлік жеке ерекшелігі, әлеуеті бар. Ал Мемекет басшысының шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау көңіл бөлінетінін атап өтуі отандық бизнестің ілгерілеуіне ықпал ететіні, кәсіпкерлердің жаңа толқынын қалыптастыратыны сөзсіз.

Алматы қаласы кәсіпкерлер
палатасының төрағасы Әуез Тайымбетов

Exit mobile version