Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға жасалған зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейтетін заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлайды.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметімен байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды», -делінеді хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Еске салсақ, бұған дейін мәжіліс депутаты Светлана Бычкова педагогтар, медициналық және әлеуметтік қызметкерлер балаларға жасалған зорлық-зомбылық әрекеттері туралы біліп, құқық қорғау органдарына айпаған жағдайда оларға айыппұл салынуына қатысты заң жобасы қарастырылып жатқанын жеткізген.
«Мысалы, егер дәрігер соққыға жығылған баланы көрсе, ол құқық қорғау органдарына хабарлауы тиіс», – деп С. Бычкова мәлімдеген болатын.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024