arasha.kz

Президенттің бір-ақ мерзімге сайлануы – бізге қажет дүние

Президент қана емес, колхоз-совхоз бригадирінен бастап биліктің төрінде болса және басшылық орында ұзақ отырса, «айтқанымның бәрін дұрыс» деп қана түсініп, оның бәрін қалыпты дүние ретінде қабылдайды. Тіпті, жұрттың айтқанын бірде ұғып, бірде ұқпайтын шамаға келеді. Ал бұл жақсылықтың белгісі емес. Сол себепті Президенттің бір-ақ мерзімге сайлануы – бізге қажет дүние. Өйткені озық мемлекет деген Американың өзінде перзидент екі мерзімге сайланады. Ал Орта Азия елінің басшылары болса, өз мерзімін ұзартуға барын салып жатады.

Меніңше, бірнеше рет қайта сайланып, мерзімі ұзартылса, қолға алынған шаруаның көптігінен кейбірі аяқсыз қалып жатады. Одан бұрын қаншама құйылған миллиардтар далаға шашылады. Сондықтан кез келген шаруаны аяқтауға 7 жыл жеткілікті. Сонымен бірге, кез келген басшы өзі бастаған шаруасын аяқтауы керек. Өйткені Президенттің бірінші міндеті, халқының әлеуметтік жағдайын жақсартып, елі үшін қызмет етуі керек. Сол үшін де Президенттің саяси реформаларын, барлық бастамаларын қолдаймын. Ендігі тілек көтерілген мәселенің бәрі – бос сөз болып қалмауы.

Жазушы
Кәдірбек Сегізбаев

Exit mobile version