arasha.kz

Прокурор Біртановты алты жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Бүгін өткен сотта прокурор Бауыржан Шекенов бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа алты жыл, ал оның орынбасары Олжас Әбішевті бес жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

«Біртановты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабын 4-бөлігінің 3-тармағында (қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану) қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, оны алты жылға бас бостандығынан және өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айыруды сұраймын», – деді Шекенов.

Сондай-ақ ол Біртановқа жазаны өтеу режимін қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде орташа қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұсынды.

Оған қоса, Біртанов пен Әбішевтен тең үлестермен 1 548 136 575 теңге, ал Біртановтан жеке санитарлық авиацияны пайдалануға жұмсалған 5 503 721 теңге соманы өндіруді талап етті. Сонымен қатар, айыпталушыдан сот шығындарын өндіру ұсынылды.

Exit mobile version