arasha.kz

Прокурорға пара ұсынған казино қызметкері ұсталды

Ақмола облысында «Cash Ville» казиносының заңгері прокуратура қызметкеріне пара ұсынғаны үшін ұсталды.

Күдіктіні ұстау операциясын Антикор Бас прокуратураның ішкі тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп жүргізген.

Прокурорлық тексеру кезінде казино өкілі прокуратура қызметкеріне пара ұсынған.

«Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде қылмыстық әрекетті имитациялаған қадағалау органының қызметкеріне 20 мың доллар мөлшерінде пара беру фактісі құжатталды. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 367-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Көкшетау қаласының тергеу соты күдіктіні 2 ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарды.

Exit mobile version