Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин бірқатар халықаралық іс-шараға қатысу үшін Астана қаласына келді.
Ресей президентін елорда әуежайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.
Владимир Путин Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысады. 11 мемлекет басшысы бас қосатын саммит АӨСШК құру туралы бастаманың 30 жылдығына орайластырылған.
Сонымен қатар, РФ Президенті ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысады деп күтіліп отыр.
Айта кетсек, кеше Алматыда Путиннің келуіне наразылық танытқан белсенділерді полиция ұстап әкеткен болатын. Олар қолдарына «Путин қанішер» деген жазуы бар плакаттар алып шыққан еді.
-
20.11.2024
-
20.11.2024
-
20.11.2024
-
20.11.2024
-
20.11.2024
-
20.11.2024
-
20.11.2024
-
20.11.2024
-
19.11.2024