arasha.kz

Путин ішінара мобилизация жариялады

РФ президенті Владимир Путин Украинадағы соғысқа байланысты Ресейде жартылай мобилизация жариялады.

«Ішінара мобилизация туралы ұсынысты қолдау қажет деп санаймын», – деді Путин видеоүндеуінде.

Путиннің бұл мәлімдемесі Ресей әскерлерінің Украинаның бұған дейін оккупацияланған аумақтарынан шегінуі аясында жасалды.

Оның айтуынша, соғысқа запаста тұрған азаматтар ғана шақырылмақ.

«Әскерге тек запастағы азаматтар мен Қарулы Күштер қатарында қызмет еткен азаматтар ғана шақыртылады. Әскери қызметке шақырылғандар бөлімдерге жіберілгенге дейін арнайы әскери операция тәжірибесін ескере отырып, міндетті түрде қосымша әскери дайындықтан өтеді», – деді Путин.

Соғыс үшін ішінара мобилизация 21 қыркүйектен басталатыны айтылды.

Exit mobile version