15-10-22 |
1580 рет қаралған
Путинге қарсылығын білдірген башқұрт жігітін қамап тастады.
Путинге қарсылығын білдірген башқұрт жігітін қамап тастады

«Путин, бұл сенің соңғы мерейтойың» деген жазуы бар плакат ұстап шыққан Башқұртстан тұрғыны Азат Ағзамовты сот бес күнге қамады.

Сотта Ағзамовтың субұрқақтың жанында, яғни қоғамдық орында арандатушылық плакатпен шыққаны айтылды. Плакатты алып тастап, құжатыңды көрсет дегенде ол бас тартқан көрінеді. Дегенмен, сотта ол бұл әрекетін мойындады.

Башқұрт жігіті 7 қазанда Путиннің туған күнінде ұсталған. Бұл жайтқа қатысты видео Ateo Breaking телеграм-каналында тарады. Видеодан полицейлердің наразылыққа шыққан жігітке күш қолданғанын көруге болады.

Полицияның беделіне нұқсан келтірді деп Ағзамовқа 40 мың рубль айыппұл салынған.
Ресей Украинаға басып кіргелі ресейлік армияны сынағаны үшін 4644 хаттама толтырылыпты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.