21-09-22 |
1050 рет қаралған
Путиннің жолдауынан кейін ресейліктер Алматы мен Астанаға билетті жаппай сатып алып жатыр.
Путиннің жолдауынан кейін ресейліктер Алматы мен Астанаға билетті жаппай сатып алып жатыр

Путиннің Жолдауынан кейін ресейліктер 21 қыркүйекке жоспарланған Стамбұл мен Ереванға тікелей рейс билеттерін бірнеше минут ішінде сатып алды.

Мәскеу уақытымен түске қарай Мәскеуден Ташкент, Баку, Бішкек және Астанаға тікелей рейс билеттері жоқ екені көрсетілген. Бірнеше рейспен жету нұсқалары әзірге бар, – деп хабарлады «Вёрстка» телеграм-арнасы.

Ресейде ішінара мобилизациялау туралы жарияланғаннан кейін РФ қалаларынан Қазақстанға билет бағасы қымбаттап, сұраныс артқан, – деп жазды Экспресс К.

Жолдаудан кейінгі алғашқы сағаттарда билет іздеу платформаларында үлкен жүктеме байқалады, деректер әдеттегіден баяу жүктеледі.

Мәскеудің Внуково әуежайынан Алматыға таяу күндерге тіпті қымбат билеттің өзі сатылып кетіп жатыр. Мысалы, 22 қыркүйекке билеттер жарты сағат ішінде сатылып кеткен.

Астанаға билет сатуға қатысты жағдай да осындай. Таяу аптадағы рейстердің әрқайсысында санаулы орын қалған. Платформалар билет сатып алып жатқанда осындай ескерту жасайды.
Санкт-Петербургтен де билетті жаппай сатып алып жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.